Ақпараттық қауіпсіздік саласының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы

«Ақпараттық қауіпсіздік саласының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Р.К. Абдикаликов жауап береді.

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 15.11.2019, 09:00
  • 15.11.2019, 11:00

Жарлыков Аскар 15.11.2019, 10:38, Сұрақ нөмірі: 8909

  • 0

Саламатсызба. Бізде, өзіміз бағынысты болып табылатын мемлекеттік органмен хат алмасуға арналған құжатайналымның электрондық жүйесі бар. Сондай-ақ, өзге де ақпараттық жүйелер бар. Қандай жүйелер сынауға жатады, кандай жүйелер жатпайтынына жауап беріңізші.

ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 15.November.2019, 10:42

Қайырлы күн, Аскар! «Ақпараттандыру туралы» Қазақсан Республикасы Заңының 49-бабының 2-тармағына сәйкес ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке міндетті сынауға жататын сынақ объектілеріне: 1) сервистік бағдарламалық өнім; 2) «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасы; 3) мемлекеттік органның интернет-ресурсы; 4) мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі; 5) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйе; 6) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға, мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға және мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйе жатады. Сіздің ақпараттық жүйеңіз жоғарыда тізіп көрсетілген санаттардың біріне жатқызылған жағдайда, ол ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке міндетті сынауға жатады.