«Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын жүзеге асыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы»

«Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын жүзеге асыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Д.Ысқақовтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 20.11.2019, 10:00
  • 20.11.2019, 17:00

Бахыт Аида 20.11.2019, 10:47, Сұрақ нөмірі: 8914

  • 0

Сәлеметсіз бе, Қуанышбек Досмайылұлы! Биылғы жылы Сыр елі мәдениетінің шет елдерге танылуы, ұлттық өнеріміздің насихатталуы жайында білгім келеді.

Қызылорда облысы 20.November.2019, 11:09

Сәлеметсіз бе, Аида! Сұрағыңызға рақмет! Биылғы жылдың ақпан айында Қызылорда облыстық филармониясының камералық оркестрі түркі тілдес елдердің қатысуымен Босния-Герцеговина мемлекетінде өткен классикалық камералық оркестрлердің фестивалінде, ал, «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі сәуір айында Ғарышкерлер күніне орай Мәскеудің Кремль сарайында өнер көрсетіп, Сыр өңірінің мәртебесін асқақтатып, әлемдік деңгейдегі шараларға қатысты. Сондай-ақ, Жастар жылында өңіріміздегі талантты жастарға қолдау көрсету, шығармашылықтарын дамыту мақсатында Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының бір топ жас мамандары шығармашылық білімдерін жетілдіру мақсатында Ресей Мемлекеттік театр өнері институтында (GITIS) білім жетілдіру курстарынан өтіп қайтты. 2019 жыл Қазақстанның Өзбекстандағы жылы аясында Қызылорда облысының мәдениет күндері Өзбекстан Республикасында ұйымдастырылып, облыс өнер шеберлерінің концерті, Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының қойылымдары мен жергілікті суретшілердің көрмелері өтті.