«Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын жүзеге асыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы»
«Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын жүзеге асыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Д.Ысқақовтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 20.11.2019, 10:00
- 20.11.2019, 17:00
Искаков Берик 20.11.2019, 11:20, Сұрақ нөмірі: 8916
Қайырлы күн, Қуанышбек Досмайылұлы!
Өңірімізде «Жыр мұра» жобасы жүзеге асырылып, қорытынды концертін тамашаладым. Жас дәстүрлі орындаушылар мен термешілердің өнерін көріп, талантты жеткіншектердің өсіп келе жатырғанына көңілім толды. Осы жоба жалғасын таба ма?
Қызылорда облысы 20.November.2019, 11:46
Қайырлы күн! Сұрағыңызға рақмет! Сыр сүлейлерінің салып кеткен сара жолын насихаттау, ұлттық құндылықтарымызды сақтау, дәріптеу мақсатында облыстық жобалық кеңсе аясында биылғы жылы «Жыр мұра» жобасы жүзеге асырылды. Жоба аясында «Ұлы дала төсіндегі Сыр елінің фольклоры» атты экспедиция жұмыс жасап, халық арасында бұрын-соңды көп орындалмай жүрген мақам-саздар, терме-толғаулар, аңыз-әңгімелер мен қисса дастандар жинақталып, ата мұрамызды жанына жиып өскен жаңа 15 өнерпаздың есімі анықталды. Әрине бұл бағытта алдағы уақытта түрлі конкурс-фестивальдер өтетін болады. Биылғы жылы үш жылғы мерзімді қамтитын «Сыр өңірінің фольклорлық антологиясы» жобасы басталды. Қазіргі кезде жобаның бірінші кезеңі аяқталып, белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Бағдат Кәрбозұлының жетекшілігімен жүргізілген фольклорлық экспедиция жұмыстарының нәтижесінде ел аузындағы жарияланбаған аңыздар мен әңгімелер, қиссалар, жырлар мен дастандар, шешендік сөздер жинақталды.