Мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үйменқамту мәселелері

«Мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үйменқамту мәселелері»тақырыбында интернет-конференция өтеді.

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 20.11.2019, 10:00
  • 20.11.2019

Нуримбетов Нурбек 20.11.2019, 11:23, Сұрақ нөмірі: 8917

  • 0

Жұмысшы жастарға сатып алу құқығынсыз пәтер беру бағдарламасына өзгерістер енгізіле ме? Ұсыныс: Жастарды 29 ға дейін қалдырып, оған Жас отбасы категориясын 35 жасқа дейін қосса дұрыс болар еді.

Алматы қаласы 20.11.2019

Қайырлы күн! Бағдарлама талаптарын бекіту ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің құзыретіне енеді. Жергілікті атқарушы билік бекітілген талаптарға сәйкес бағдарламаны жүзеге асырумен айналысады. Құзырлы орган талаптарды өзгерту туралы ұсыныстар қабылдаған жағдайда, сіздің ұсынысыңызды ескеретін боламыз.