«Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын жүзеге асыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы»

«Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын жүзеге асыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Д.Ысқақовтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 20.11.2019, 10:00
  • 20.11.2019, 17:00

Сұлтанбек Бексұлтан 20.11.2019, Сұрақ нөмірі: 8920

  • 0

«Ел іші-өнер кеніші» деген қанатты сөз бар. Осы орайда ел аузындағы әдеби фольклорлық дүниелер жинақтауда қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?

Қызылорда облысы 20.November.2019, 16:09

Сәлеметсіз бе! Биылғы жылы үш жылғы мерзімді қамтитын «Сыр өңірінің фольклорлық антологиясы» жобасы басталды. Қазіргі кезде жобаның бірінші кезеңі аяқталып, белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Бағдат Кәрбозұлының жетекшілігімен жүргізілген фольклорлық экспедиция жұмыстарының нәтижесінде ел аузындағы жарияланбаған аңыздар мен әңгімелер, қиссалар, жырлар мен дастандар, шешендік сөздер жинақталды.