«Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын жүзеге асыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы»

«Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын жүзеге асыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Д.Ысқақовтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 20.11.2019, 10:00
  • 20.11.2019, 17:00

Баймурзаева Енлик 20.11.2019, 14:01, Сұрақ нөмірі: 8921

  • 0

Келер жылы тарихи оқиға ретінде Алтын Орда мемлекетінің 750 жылдығы республика көлемінде аталып өтіледі. Бұл тұрғыда Сығанақ қалашығының Алтын ордамен үзеңгілес екенін білемін. Сығанақ қалашығына зерттеу жұмыстарын одан әрі жалғастырса екен деген ұсынысым бар

Қызылорда облысы 20.November.2019, 16:30

Қайырлы күн, Еңілік! Ұсынысыңыз өте орынды. Рақмет. Өңірімізде сақ, түркі, оғыз дәуірінің қала орындарымен қатар Алтын Орда дәуірімен мерзімделетін Жаңақорған ауданындағы ортағасырлық Сығанақ, Сырдария ауданындағы Қышқала, Асанас қалашықтарына археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп келеді. Биылғы жылы Сығанақ қаласына жүргізілген қазба барысында «көне қорым» орындары аршылып, ХІІІ-ХІҮ ғасырларға жататын алтын әшекей бұйымдар табылып, ғылыми зерттеуге берілді. Әрине, келер жылы да реставрациялық, археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу жоспарға енгізілген.