Шетелдің қатысуы бар кәсіпорындардағы еңбек заңнамасының сақталуы
Интернет-конференция: «Шетелдің қатысуы бар кәсіпорындардағы еңбек заңнамасының сақталуы»
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 20.11.2019, 15:00
- 20.11.2019, 17:00
Альжанов Ильяс 20.11.2019, 15:45, Сұрақ нөмірі: 8924
Қайырлы күн!
Мен еліміздің батыс аумағында орналасқан кәсіпорында жұмыс атқарамын. Біздің кәсіпорында шетелдік жұмыс күші тартылады. Алайда жұмыс беруші тарапынан менің еңбек құқығым бұзылуда. Бұл жерде маған жалақы кешіктіріліп беріледі, демалыс күндері істеген күндерім үшін қосымша ақы берілмейді. Осыған байланысты мен осы мәселемен қандай жерге өтініш жасасам болады?
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 20.November.2019, 16:57
Қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыскердің еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарына сәйкес уақтылы және толық көлемде жалақы төленуіне құқығы бар. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган жүзеге асырады. Сол себепті, Сіз аталған мәселе бойынша кәсіпорын орналасқан мекен-жайы бойынша облыстың немесе қаланың жергілікті еңбек инспекциясы басқармасына жүгінуіңіз қажет. Еңбек инспекциясы түскен арыз негізінде мекемеде тексеру жұмыстарын жүргізіп, бұзушылық анықталған жағдайда заңнамаға сәйкес тиісті шараларды қабылдайтын болады.