ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Қ.Е. КӨШЕРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция.

  • Сұрақтар: 49
  • Жауаптар: 46
  • 23.07.2013
  • 25.07.2013
  • Қызылорда облысының әкімі

Исмаилов М. 25.07.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Биыл дүлдүл әнші, композитор Иманжүсіп Құтпанұлының туғанына 150 жыл толып отыр.Осы орайда, облыстық, республикалық шаралар өткізіле ме?

Администратор 25.07.2013

Ақын, композитор, әнші Иманжүсіп Құтпанұлының 150 жылдық мерейтойын атап өту туралы ұсыныстарға сәйкес мерейтой шаралары аясында үстіміздегі жылдың қазан айында облыс орталығында республикалық деңгейде «Ақ балдақ алмасымның сынығысың...» атты ақындар айтысын ұйымдастыру және Шиелі ауданында Иманжүсіп Құтпанұлының әндерін орындаушылардың дәстүрлі әншілер конкурсы мен мүшайра ұйымдастыру жоспарланып отыр.