Қазақстанның қоғамдық кеңестерінің қызметі саласындағы заңнаманы жетілдіру туралы
«Қазақстанның қоғамдық кеңестерінің қызметі саласындағы заңнаманы жетілдіру туралы» тақырыбындағы өтетін интернет-конференцияда сауалнамаларға жауап беретін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Әлия Қайратқызы Ғалымова
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 27.11.2019, 15:00
- 27.11.2019, 18:00
Дастан Исламбек 27.11.2019, 15:29, Сұрақ нөмірі: 8934
Қоғамдық кеңестің хатшысына қатысты Заң жобасында қандай нормалар көзделген?
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі 27.November.2019, 16:08
Қазіргі уақытта қоғамдық кеңестердің хатшыларының өкілеттігі әкімдік қызметкерлеріне немесе мәслихат қызметкерлеріне жүктелген, хатшының жұмысы төленбейді және мемлекеттік органдардың қызметкерлері бұл жұмысты өзінің негізгі жұмысынан бөлек қосымша атқарады. Қоғамдық кеңес хатшысының мәртебесін реттеу үшін заң жобасымен келесі бағыттарға түзетулер енгізіледі Қоғамдық кеңес құрылған тиісті мемлекеттік органның басшысы, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі Қоғамдық кеңес хатшысының міндеттерін мемлекеттік органның еңбекақы төлеу қоры шегінде шарт бойынша тартылатын қызметкерге не Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның жұмыс істеп тұрған қызметкеріне жүктеу туралы мәселені дербес шешеді. Сонымен қатар, Қоғамдық кеңестің хатшысы Қоғамдық кеңес төралқасының құрамынан шығарылады.