Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметі

«Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметі» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Әбілмәжінов Нұртай Ерқосаұлы жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 16
  • Жауаптар: 16
  • 23.09.2019, 09:00
  • 27.12.2019, 17:00
  • ҚР ішкі істер министрлігі

Дастан Исламбек 27.11.2019, 15:31, Сұрақ нөмірі: 8935

  • 0

Нашаның жаңа түрімен қалай күрес жүргізіп жатырсыздар? Нақты шешімдер көрсетіңіздер

ҚР Ішкі істер министрлігі 11.December.2019, 17:06

Қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігі синтетикалық есірткінің шыққан жаңа түрлерінің айналымының жолын кесудің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар ұйымдастырушылық және практикалық шараларды қабылдауда. Мәселенің өзектілігін ескере отырып, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Ішкі істер министрлігі, есірткінің интернет-ресурстар арқылы таратылуы бойынша Қылмыстық кодекстің жекелеген баптарын тұжырымдамаларымен және біліктілік белгілерімен толықтыруды бастады.ен Өткен жылдың желтоқсанында қабылданған заң ағымдағы жылғы шілде айында күшіне енді, жаңа психобелсенді заттардың пайда болуына қарсы іс-қимылдағы, оның ішінде алдын-алу әдістерімен, сондай-ақ есірткі бизнесіне мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдірумен құқық қорғау органдарының өкілеттіктерін едәуір кеңейтті. Енгізілген түзетулер басқа мемлекеттердің жаңа психобелсенді заттармен күресу тәжірбиесіне негізделген. Граффити жазулары бар элктрондық есірткі сайттарының мекен-жайы, есірткі сайттардың әкімшілігі, есірткілерді насихаттайтын және жарнамалайтын, электрондық ресурстар арқылы есірткілерді тарату сияқты заңсыз әрекеттерді қамтиды.