Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметі

«Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметі» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Әбілмәжінов Нұртай Ерқосаұлы жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 16
  • Жауаптар: 16
  • 23.09.2019, 09:00
  • 27.12.2019, 17:00
  • ҚР ішкі істер министрлігі

Дастан Исламбек 27.11.2019, 15:34, Сұрақ нөмірі: 8936

  • 0

Қазіргі уақытта қабырғаларға жазып өздеріне шақырып жатқандарды көзіміз көп шалады: Телеарнадан краскаларды өшіріп жүреді. Бірақ ол мәселе шешілмеді. Шуская долина қашан легалиация болады?

ҚР Ішкі істер министрлігі 11.December.2019, 17:04

Жергілікті атқарушы органдардын, мемлекеттік емес ұйымдардын және пәтер иелері кооперативтің, белсенді азаматтардың көмегімен жыл басынан бері 1500-ден аса граффити-суреттер, интернет-ресурстарда есірткі сату бойынша жарнамаланған сілтемелер анықталып жойылды. Абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 16 адам (ҚР ӘҚБК 505 және 434 бабтары бойынша) әкімшілік жауапқа тартылды. Ішкі істер министрлігі Шу алқабында өсетін құрамында есірткі бар жабайы қарасораны Қазақстан аумағында ары қарай қолдануы бірнеше рет қарастырылды. Қазақстан Республикасы есірткі құралдары мен психотроптық заттардың айналымын бақылауды реттейтін БҰҰ-ның үш негізгі әмбебап конвенциясының (1961 жылғы есірткі туралы, 1971 жылғы психотроптық заттар туралы, 1988 ж. Есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы) қатысушысы болып табылады. 1961 жылғы Есірткі заттар туралы конвенция (1998 жылғы 10 шілдеде Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген) жинауға және құрамында есірткі заттары бар жабайы өсімдіктерді пайдалануға тыйым салады. Осыған байланысты Шу алқабында өсетін жабайы қарасораны заңдастыру мүмкін емес.