Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қызметі және іске асырылып жатқан шаралары туралы
Интернет-конференция барысында азаматтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша сұрақтарын жолдап, Департаменттің жұмысын одан әрі жандандыру бойынша ұсыныстарымен бөлісе алады
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 29.11.2019, 09:00
- 29.11.2019, 18:30
Абраева Гульжан 29.11.2019, 10:38, Сұрақ нөмірі: 8942
Салеметсіз бе, Мұрат Ахтанұлы. Лауазымды тұлғаның сыбайлас жемқорлық фактісі туралы жалған хабарлау үшін жауапкершілік қарастырылған ба?
Ақмола облысы 29.November.2019, 14:12
Сәлеметсіз бе, Гульжан Абраева. Сіздің сұрағыңыз үшін рахмет! Басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер хабарлаған адам Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 419-бабы («Көрiнеу жалған сөз жеткiзу») немесе ҚР ҚК 130-бабы («Жала жабу») бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылады.