Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қызметі және іске асырылып жатқан шаралары туралы

Интернет-конференция барысында азаматтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша сұрақтарын жолдап, Департаменттің жұмысын одан әрі жандандыру бойынша ұсыныстарымен бөлісе алады

  • Сұрақтар: 6
  • Жауаптар: 6
  • 29.11.2019, 09:00
  • 29.11.2019, 18:30

Шуленбеков Данияр 29.11.2019, 11:08, Сұрақ нөмірі: 8946

  • 0

Құрметті Мұрат Ахтанұлы, мен Сізден сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін қандай көтермелеу түрлері қарастырылғанын және де биыл қанша адам, қандай сомаға марапатталғанын білгім келеді.

Ақмола облысы 29.November.2019, 17:41

Сәлеметсіз бе, Данияр Шуленбеков. Сіздің сұрағыңыз үшін рахмет! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1131 қаулысымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидаларына сәйкес біржолғы ақшалай сыйақы түріндегі көтермелеу көзделген, ал ақшалай сыйақыны төлеуден бас тартқан жағдайда, грамотамен марапаттау немесе алғыс жариялау түріндегі көтермелеулер белгіленуі мүмкін. Ағымдағы жылы 6 адам 883 750 теңгеге марапатталды.