Жаппай саяси қуғын-сүргінге ұшыраған құрбандардың мұрағаттық қорлары
«Жаппай саяси қуғын-сүргінге ұшыраған құрбандардың мұрағаттық қорлары» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР ІІМ Ақпараттандыру және байланыс департаментінің бастығы Тұрлыбек Тұрсынбекұлы Ахметов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 02.12.2019, 09:00
- 06.12.2019, 18:00
- ҚР ішкі істер министрлігі
Болысбек Замир 02.12.2019, Сұрақ нөмірі: 8950
саламалейкум! 1930 жылдардың басында Жамбыл облысы Меркі ауданында Тайлық пен ТАйлыбай аталарымды түрмеге қамап қойған еді. Олар туралы ақпарат жоқ еш хабар ошар бермей айдап кеткен. Тайлықов Әбубәкір атам бір жолы абақтыға барып көрген екен. олардың мал мүлкін тәркіленәп алған соң Қырғызстанға қашуға тура келді, Тайлық пен Тайлыбайдың тағдыры туралы мәліметті Алматы қаласында іздедім бырақ таппадым, Қазіргі еді мекен Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы, Көкдөнен аулы болып қалыптасты, сол жерлердегі Тастемір руының үрпағы қоныстанған, Сәтбай-Аманбай-Бадран жеті атамыз. ТАйлық ТАйлыбай сұйектерән тауып елге қайта жерлемей тыныштық болмайды. белгісіз адамдар болған жоқ, аталары бай болыс етіп халыққа еңбегі сінген 1000 жылқыларын өсіріп отырған, 1940 жылы Әбубәкір Қызыл әскеріне аттанып Фин-Суоми соғысына қатысқан. Әлі күнге дейін дерек жоқ!
оларды қалай іздестірсе болады?
ҚР Ішкі істер министрлігі 05.12.2019
Құрметті Болысбек Замир! Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Арнайы мемлекеттік мұрағаты Сіздің Тайлық және Тайлыбай есімді аталарыңыз жөнінде мәлімет іздеу туралы сұрау хатыңызды қарап, келесіні хабарлайды. ІІМ-нің мұрағаттық қорларында тек 1937-1938 жылдары Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасының Қылмыстық кодексінің 58 және 59 - баптары бойынша (мемлекеттік қылмыстар және контрреволюциялық іс-әрекеттер үшін) саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардың қылмыстық істері сақтауда екенін мәлімет үшін хабарлаймыз. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 сәуірдегі № 3465 Жарлығына сәйкес, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың, арнайы қоныс аударылғандардың жеке істерінің мұрағаттық қоры Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статитика және арнайы есептер жөніндегі орталығына берілген болатын (қазіргі Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті). Баяндалғанды ескере отырып Сіздің сауалыңызға сәйкес іздеу жұмыстарын ұйымдастыру үшін біздің мекенжайға хабарласуыңызды сұраймыз: Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы,1, тел.: 8-717-2-72-22-57, 8-717-2-71-47-22.