Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары туралы
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары туралы интернет-конференция.
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 06.12.2019, 10:00
- 06.12.2019
Удербаев Султан 06.12.2019, 11:44, Сұрақ нөмірі: 8956
Балам осы жылы жоғары оқу орнын бітіріп еді. Жұмыс тәжірибесі жоқ, таныстарымыз да жоқ. Мамандығы программист. Не істесек болады? Оқуын жаңа ғана бітірген балада қандай жұмыс тәжірибесі болсын.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 06.December.2019, 11:49
Сәлеметсіз бе. Сұрағыңызға рақмет! Оқу орындарын енді бітірген жастардың келешекте өз алған мамандықтары бойынша жұмыс жасап кетуіне жәрдем көрсету мақсатында «жастар практикасы» іс-шарасы іске асырылады. Жастар практикасы 29 жасқа толмаған әрі оқуды бітіргеніне үш жыл болмаған, яғни алған мамандығы бойынша мүлде жұмыс жасамаған колледждер, жоғары оқу орындары түлектері қатарындағы жұмыссыз жастарға арналады және ол түлектерге бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтап, жұмыс берушілерге өздерін көрсетуге мүмікндік береді. Жастар практикасына қатысу ұзақтығы 6 айға дейінгі мерзімді құрайды. Жастар практикасына қатысушылардың жалақысы 25 АЕК-ті құрайды және бюджет қаражаты есебінен төленеді. Жастар практикасына қатысу үшін тұратын жеріңізде орналасқан халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінуіңіз қажет. Сонымен қатар, 2020 жылдан бастап Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Алғашқы жұмыс орын жобасы жүзеге асырылатын болады. Алғашқы жұмыс орнына жұмысқа орналастыруды халықты жұмыспен қамту орталықтары жастардың қажетті еңбек дағдыларын алу және алғашқы жұмыс орнына бейімделуі мақсатында бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ұйымдастырылады. Алғашқы жұмыс орны жобасы бойынша жұмысқа орналастыру жиырма тоғыз жастан аспаған жастар санатындағы жастар қатарындағы жұмыс іздеп жүрген адамдар үшін ұйымдастырылады. Алғашқы жұмыс орнына қатысушылардың жалақысы 20 АЕК-ті құрайды.