Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары туралы
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары туралы интернет-конференция.
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 06.12.2019, 10:00
- 06.12.2019
Альжанов Ильяс 06.12.2019, 11:46, Сұрақ нөмірі: 8957
Сәлеметсізбе. Жұмыссыздар үшін ұйымдастырылатын курстар туралы естідім. Осы курстарға қалай барсам болады? Қазір жұмыссыз отырмын.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 06.December.2019, 11:49
Қайрлы күн! Сұрағыңызға рақмет! Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде жұмыссыз азаматтар үшін жұмысшы кәсіптер (тігінші, аспаз, электрик, дәнекерлеуші, слесарь, сантехник, токарь, наубайшы, кондитер және т.б.) бойынша 1 айдан 6 айға дейін қысқа мерзімді тегін курстар ұйымдастырылады. Қысқа мерзімді курстардан өтетін азаматтарға ай сайын 16 759 теңге стипендия төленеді. Өздері тұратын жерден алыс орналасқан білім беру ұйымдарында оқыса жол жүруге (4 АЕК), тұруға (5АЕК не 10 АЕК)материалдық көмек беріледі. Қысқа мерзімді курстарға қатысу үшін өзіңіз тұратын жеріңізде орналасқан халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінуіңіз қажет.