Құқық қорғау қызметін цифрландыру
«Құқық қорғау қызметін цифрландыру» тақырыбында интернет-конференция.Тұтынушылардың сұрағына Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Төрағасының орынбасары Б.Ш. Әбішев жауап береді.
- Сұрақтар: 8
- Жауаптар: 8
- 06.12.2019, 10:30
- 06.12.2019, 15:00
Қуаныш Айназар 06.12.2019, 13:49, Сұрақ нөмірі: 8963
Сәлеметсіз бе! Егер маған тексеріспен алаяқтар келсе оны қалай анықтауға болады?
ҚР Бас Прокуратурасы 06.December.2019, 14:34
Құрметті Қуаныш Айназар! ҚР Кәсіпкерлік кодексінің талаптарына сәйкес объектіге тексеру немесе профилактикалық бақылау үшін келген бақылау және қадағалау органының лауазымды тұлғалары бақылау және қадағалау субъектісіне: - ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркелген нөмірі бар тексеруді немесе профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт; - қызметтік куәлік; - қажет болған жағдайда-режимдік объектілерге бару үшін құзыретті органның рұқсаты; - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен берілген объектілерге бару үшін қажетті медициналық рұқсатнама көрсетуге міндетті. Сондай-ақ, бақылау және қадағалау органдарының тексерулерін тіркеу кезінде "Qamqor" мобильдік қосымшасына алдағы тексеру туралы хабарлама келеді немесе тіркеу нөмірі бойынша актінің жарамдылығын қайта тексеруге болады (өткізу тәртібі туралы толық ақпарат Кәсіпкерлік кодекстің 147-бабы нормаларында көрсетілген).