Ауыл кәсіпкерлігін дамыту

«Ауыл кәсіпкерлігін дамыту» тақырыбында интернет-конференция өтетін болады. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Серік Жаманқұлұлы Шайдаров жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 2
  • Жауаптар: 2
  • 10.12.2019, 15:00
  • 10.12.2019, 18:00

Омарбеков Мейрам 10.12.2019, 15:49, Сұрақ нөмірі: 8972

  • 0

Былтырдан бері шаруашылықтар «Сыбаға» бағдарламасымен шет елден асыл тұқымды ірі қара малын әкелуде. Біз де мал әкелсек деп едік. Ол үшін не істеуіміз керек?

Қарағанды облысы 10.December.2019, 16:12

Қайырлы күн, Мейрам. 2018 жылдан бастап «Етті бағыттағы мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы» аясында «КазАгро ҰБХ» АҚ институттары арқылы «Сыбаға» бағдарламасымен шет елден асыл тұқымды ірі қара малдың аналық басын әкелуге 7 жылға 6 пайыздық жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік бар. Сатып алынатын мал құны кепілдік жарнаның 50 % құрау жеңілдігімен, бір басқа 625 мың теңге көлемінде несие қарастырылған. Сонымен қатар, мемлекеттік қолдау шет елден әкелінген етті-сүтті бағыттағы асыл тұқымды аналық малдың әр басына 225 мың теңге, тауарлы мал басына 175 мың теңге субсидия ретінде көрсетіледі. Несие алу бойынша сұрақтарыңыз болса, «КазАгро ҰБХ» АҚ даму институттарының Қарағанды қаласындағы филиалына жолыға аласыз. Несие алған жағдайда шет елден мал әкелу мақсатында несие алып мал басын іздемес бұрын, «Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясына жолығып, мал басын импорттау талаптарымен танысу қажет. Әкелінетін малдың эпизоотиялық таза аймақтан болуы, карантиндік шаралардың орындалуы, жол жүру маршруты, малдың асыл тұқымды екендігін растайтын куәліктерінің болуы қажет.