Индустриялық-инновациялық даму - аймақ экономикасының тұрақты дамуының негізгі факторы
«Индустриялық-инновациялық даму - аймақ экономикасының тұрақты дамуының негізгі факторы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Д.Ысқақовтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 11.12.2019, 10:00
- 11.12.2019, 18:00
Уалиев Фархат 11.12.2019, 10:23, Сұрақ нөмірі: 8974
Құрметті Қуанышбек Досмайылұлы!
Шиелі ауданындағы цемент зауытының құрылысы былтыр аяқталып, іске қосылғаны баршамызға мәлім.
Бір кездері зауыт жұмысшыларының жағдайының жасалмағандығына байланысты желіде видеороликтер тараған болатын. Жұмысшылардың қазіргі жағдайы қалай?
Қызылорда облысы 11.December.2019, 10:56
Қайырлы күн! Сауалыңызға рахмет. Зауыт былтырғы жылы Елбасының қатысуымен Жалпыұлттық Телекөпірде мерзімінен бұрын іске қосылған. Бүгінгі күні зауыт тұрақты жұмыс жасап, өнім шығаруда. Үстіміздегі жылдың 11 айының қорытындысымен 347 мың тонна цемент өндіріп, оның 28 мың тоннасын Өзбекстанға экспортқа жіберді. Зауыттағы өндірістік процесске келетін болсақ, зауытта 218 қазақстандық азаматтар жұмыс жасауда, оның басым көпшілігі жергілікті тұрғындар. Ағымдағы жылы шілде айында қызметкерлердің наразылығы 12 сағаттық жұмыс күні кезінде сағаттық төлем коэффициентін түсінбеуден, тасымалдау мәселесіне байланысты, себезгі (душ) бөлмесінің, асхананың болмауына байланысты және т.б. мәселелер есебінен туындаған болатын. Осыған байланысты, Шиелі аудан әкімдігі, тиісті басқармалар қызметкерлері зауыт басшылығының, жұмысшылардың және кадр бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында жұмысшылар тарапынан көтерілген сұрақтар талқыланып, мәселелер өз шешімін тапты. Оның ішінде, 12 сағаттық жұмыс режимі бойынша түсіндірме жүргізіліп, түнгі ыстық ас уақытылы берілетін болды. Жұмысшыларды тасымалдау мәселесі де ыңғайлы болатындай шешілді. Сонымен бірге, зауыт басшылығы алдағы уақытта қызметкерлерге қосымша жаңа автобус алынатынын жеткізді. Себезгі (душ) мәселесіне қатысты зауыт басшыларына жуық арада шешу тапсырылды. Зауыт жұмысшыларының қазіргі жағдайы тиісті басқарманың бақылауында.