Индустриялық-инновациялық даму - аймақ экономикасының тұрақты дамуының негізгі факторы
«Индустриялық-инновациялық даму - аймақ экономикасының тұрақты дамуының негізгі факторы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Д.Ысқақовтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 11.12.2019, 10:00
- 11.12.2019, 18:00
Карбозова Ағжан 11.12.2019, 11:57, Сұрақ нөмірі: 8975
Құрметті Қуанышбек Досмайылұлы, соңғы кездері «Аралтұз» компаниясының өнімінде өмірге зиянды қоспалар бар деген сыбыстар жиі айтылуда. Бұл жөнінде не айтасыз?
Қызылорда облысы 11.12.2019
Қайырлы күн, Ағжан! Сұрағыңызға рақмет. Өңіріміздегі маңдайалды кәсіпорынның бірі «Аралтұздың» өнімі Қазақстан аумағында ғана емес, ТМД елдерінде де танымалдылығы жоғары отандық бренд болып табылады. Бүгінгі күні кәсіпорын 1200-ден астам жергілікті тұрғындарды жұмыс орындарымен қамтамасыз етуде. Соңғы уақытта Интернет желісінде кәсіпорынның шығаратын өніміне қатысты негізсіз және теріс пиғылды жалған ақпараттар жариялануда. Бұған себеп болған «Аралтұз» АҚ қытайлықтар сатып алып, Қазақстан халқын жою мақсатында шығарылатын тұзға денсаулыққа зиянды заттарды қосты деген бейнежазбалардың таралуы. Бұл ретте, компанияның меншік иелері әрдайым қазақстандық кәсіпкерлер болды және қазіргі таңда да акциялары 100% қазақстандық кәсіпкерлерге тиесілі екенін атап өту қажет. Оған қоса, тиісті мамандар зауыт өнімінің сапасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарына сай шығарылатын растады. Біз «Аралтұз» АҚ-ның өндіретін ас тұзы экологиялық таза және әлемдік стандарттарға сай екенін нық сеніммен айта аламыз.