Индустриялық-инновациялық даму - аймақ экономикасының тұрақты дамуының негізгі факторы

«Индустриялық-инновациялық даму - аймақ экономикасының тұрақты дамуының негізгі факторы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Д.Ысқақовтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 11.12.2019, 10:00
  • 11.12.2019, 18:00

Сариева Жанна 11.12.2019, 16:35, Сұрақ нөмірі: 8977

  • 0

Құрметті Қуанышбек Досмайылұлы! Менің сауалым шыны зауытына қатысты. Құрылысының басталғанына ұзақ уақыт болды, бірақ әлі іске қосылмаған. Құрылыс жұмыстары қандай сатыда ? Жалпы зауыт қашан іске қосылады?

Қызылорда облысы 11.December.2019, 16:49

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңызға рахмет. Зауыттың құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігер компания және құрылтайшылар құрамын ауыстыру бойынша мәселе біраз уақыт талқыланды. Бүгінгі күні шыны зауытының құрылысы қытайлық «Чайна Триумф Интернэшнл» компаниясымен бірлесіп жалғасуда (Қазіргі таңда зауыт құрылысына 13 мердігер компаниядан 193 адам тартылған). Зауытты пайдалануға беру мерзімінің кешіктірілуі бұрынғы бас мердігердің ақаулы жұмыстарын жоюға және жоба серіктесі - американдық «Stewart Engineers» компаниясымен туындаған даулы жағдайларға байланысты болды. Былтырғы жылы 20% акциялық үлесі бар «Stewart Engineers» дәлелсіз себептермен жобаны әрі қарай іске асырудан бас тартты. «Чайна Триумф» компаниясы қалайы балқыту ваннасын монтаждауда қиындықтарға тап болып, өз тәжірибесіне сәйкес қайта жобалау жұмыстарын жүргізуде. Бұл жұмыстарды атқару үшін Қытай елінен инвестициялық келісім шарт аясында 68 маман келді. Атап өту керек, әкімдік тарапынан сыртқы инфрақұрылымды жеткізу бойынша міндеттемелер орындалды. Сонымен қатар, ағымдағы жылы 25 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында «Чайна Триумф Интернешнэл Инжиниринг» компаниясының Басқарма Төрағасы Пенг Шоу және ҚР Премьер-Министрі А.Ұ. Мамин кездесті. Зауыттың пешін қосу 2020 жылдың наурыз айына, ал алғашқы өнімді шығару 2020 жылдың шілде айына жоспарлануда.