Индустриялық-инновациялық даму - аймақ экономикасының тұрақты дамуының негізгі факторы
«Индустриялық-инновациялық даму - аймақ экономикасының тұрақты дамуының негізгі факторы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Д.Ысқақовтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 11.12.2019, 10:00
- 11.12.2019, 18:00
Канатбаева Жанат 11.12.2019, 16:38, Сұрақ нөмірі: 8978
Жыл сайын өңірге инвестиция тарту мақсатында «Байқоңыр инвест» форумы өткізіліп жатыр. Осы өткізілген форумдар нәтижесі, тиімділігі қандай?
Қызылорда облысы 11.December.2019, 17:39
«Байқоңыр Инвест» инвестициялық форумы 2013 жылдан бері өткізіліп келеді және инвестициялық қызметтің өзекті мәселелерін талқылау үшін іскерлік алаң болып үлгерді. Форумға жыл сайын шетелдік және отандық бизнес көшбасшылар, Елшілер мен дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлері, инвестициялық компания басшылары қатысып, аймақтың инвестициялық әлеуетімен танысады. Оған қоса, форум аясында инвестицияны қажет ететін жобалар мен жергілікті тауар өндіретін кәсіпорындар көрмесі ұйымдастырылып келеді. Осы уақытқа дейін барлығы 10 инвестициялық форум өткізілді. Нәтижесінде 130-дан астам меморандумға қол қойылып, облыс экономикасына 1 трлн. теңге инвестиция тартылды. Осы өткізілген форумдар нәтижесінде автобус паркі салынды, жылумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту жүргізіліп, алғашқы тампонажды цемент зауыты мерзімінен бұрын пайдалануға берілді. Сондай-ақ шыны зауыты, кальциленген сода өндіру жөніндегі зауыт және "Шалқия" кен орнын игеру және т.б. ірі инвестициялық жобалар іске асырылуда. Оған қоса, қазіргі уақытта Ұлыбританиядан, Франциядан және Болгариядан келген инвесторлардың қатысуымен облыста жалпы құны 47 млрд.теңгені құрайтын жаңартылатын энергия көздері бойынша Жаңақорған, Шиелі, Жалағаш аудандарында 3 жоба жүзеге асырылуда, оның 2-уі жыл соңына дейін іске қосылады деп күтілуде. 2019 жылғы 30 қараша – 1 желтоқсан аралығында өткен ХІ Форум аясында 100 миллиардқа жуық қаржыға 24 меморандум және 1 келісім-шартқа қол қойылды.