Солтүстік Қазақстан облысы аумағында жерлерді ұтымды пайдалану және күзетуге мемлекеттік бақылау
Солтүстік Қазақстан облысы аумағында жерлерді ұтымды пайдалану және күзетуге мемлекеттік бақылау тақырыбына интернет-конференция. Сұрақтарға Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жер инспекциясы басқармасының басшысы Бейбітбек Шыңдалыұлы Жайлыбаев жауап береді
- Сұрақтар: 1
- Жауаптар: 1
- 11.12.2019, 10:00
- 11.12.2019, 18:00
Токбаев Нуржан 11.12.2019, 16:43, Сұрақ нөмірі: 8979
Жеке меншіктегі жер учаскелерін алып қоюға бола ма? Кепілде тұрған жер учаскесін алып қою мүмкін бе?
Солтүстік Қазақстан облысы 11.December.2019, 17:36
1 - сұрақ. Құрылысқа арналған жер учаскесi оны беру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жыл ішінде мақсаты бойынша пайдаланылмаған жағдайда, онда Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке тұрғын үй құрылысына арналған жеке меншігіндегі жер учаскесін қоспағанда, мұндай жер учаскесi мәжбүрлеп алып қоюға жатады. 2 - сұрақ. Иә, мүмкін. Кепілге алынған жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою туралы талап арыз берілгенге дейін, кепіл ұстаушы мұндай жер учаскелерін алып қою рәсімінің басталғаны туралы хабардар етілуге тиіс (ҚР 94-бабы 1-т.).