Индустриялық-инновациялық даму - аймақ экономикасының тұрақты дамуының негізгі факторы
«Индустриялық-инновациялық даму - аймақ экономикасының тұрақты дамуының негізгі факторы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Д.Ысқақовтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 11.12.2019, 10:00
- 11.12.2019, 18:00
Аймағамбет Қияш 11.12.2019, 16:53, Сұрақ нөмірі: 8980
Біз қара алтынның сарқылып, мұнай өндіру көлемі жыл сайын төмендеп жатқанын білеміз. Мұнай - газ саласының даму келешегі қандай?
Қызылорда облысы 11.December.2019, 17:46
Қайырлы кеш! Иә, қазіргі уақытта игеріліп жатқан мұнай кен орындарының көпшілігі өндірудің соңғы сатысына шықты, ал олардың қалдық қорлары қиын шығарылатын болып жіктеледі. Жекелеген кен орындарының сулануы 95%-ға дейін жетті. Өңірдің көмірсутек шикізатын өндіруге тәуелділігін ескере отырып, біз бұл мәселені Үкімет деңгейінде бірнеше рет көтердік. Сонымен қатар, барлық қойылған мәселелер бойынша Елбасының атына тиісті ұсыныстар жолданып, ҚР Президенті жанындағы Қауіпсіздік Кеңесінде қаралды. Нәтижесінде, ҚР Үкіметінің Қаулысымен геологиялық барлау жүргізу жұмыстары көзделген Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары бекітілді. Барлау 3 мұнай-газ перспективалы шөгінді бассейнде жүргізілетін болады. Олар: Оңтүстік Торғай, Шу-Сарысу және Сырдария бассейндері. Бұл мақсатта 2020-2022 жылдарға республикалық бюджеттен 11,6 млрд. теңге бөлу қарастырылған. Бүгінгі күні Шу-Сарысу шөгінді бассейнін зерттеуге 2020 жылға 600 млн. теңге бөлінді. Бұдан басқа, кен орындарының мұнай бергіштігін арттырудың өзекті шешімі инновациялық әдістерді енгізу болып табылатынын ескере отырып, біз мұнай компанияларымен бірлесіп, мұнай-газ саласын дамытудың жол картасын бекіттік, онда қиын өндірілетін және қозғалмайтын мұнай өндіру бойынша жаңа технологияларды енгізу көзделеді. Сондай-ақ, жол картасы аясында тереңдігі 3500 миетрге дейін 64 мұнай және 3 газ ұңғымасын бұрғылауды қарастырылды. Нәтижесінде, қолданыстағы кен орындарында жылжымайтын мұнай қорларын толық өндіруге қол жеткізу үшін инновациялық әдістер қолданылды, тереңдігі 3 500 метрге дейін 30 өндіруші, 20 озық, 11 барлау ұңғымасы бұрғыланды, тереңдігі 3 300 метрден астам 3 барлау ұңғымасы бұрғыланды.