Қарағанды облысы әкімінің әлеуметтік сала және ішкі саясат мәселелері жөніндегі орынбасары Абзал Нүкеновтің қатысуымен өтетін интернет-конференция
«Қарағанды облысы әкімінің әлеуметтік сала және ішкі саясат мәселелері жөніндегі орынбасары Абзал Нүкеновтің қатысуымен өтетін интернет-конференция» тақырыбында интернет-конференция өтетін болады. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенұлы Нүкенов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 7
- 23.12.2019, 15:00
- 23.12.2019, 18:00
Рамазанова Арайлым 23.12.2019, 16:28, Сұрақ нөмірі: 9002
Қайырлы күн, Абзал Нүкенұлы! Мені алаңдатып жүрген бір сұрағым бар еді. Өзіңіз білетіндей, қазіргі уақытта жастарға оқу бітірген соң, жұмысқа орналасу қиынға соғады. Облыста осы бағытта, жастарды жұмыспен қамту бойынша қандай жұмыстар жүргізілуде? Сол туралы айтып берсеңіз.
Қарағанды облысы 23.December.2019, 17:32
Қайырлы күн, Арайлым! Сұрағыңызға рахмет. Қазіргі уақытта облыста жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар табысты жүзеге асырылуда. Жыл басынан бері нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 18 455 жас жұмыспен қамтылды. «Дипломмен ауылға!» жобасы аясында ауылдық өңірлерге 482 жас маман келіп, жұмыспен қамтылып отыр. Жастарды жазғы уақытта жұмыспен қамту мақсатында «Жасыл ел» еңбек жасақтарының қызметі ұйымдастырылып, еңбек маусымында 2000 адам жұмыс істеді. «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздері бойынша 1277 адам оқытылды. «Жас Кәсіпкер» жобасы аясында 1130 адам гранттар алды. Жыл басынан бері облыстың ірі қалаларында «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет ететін 11 жұмыспен қамту бекеттері ашылды. Сондай-ақ, облыстың 13 аймағында жылжымалы мобильдік жұмыспен қамту бекеттері жұмыс істейді.