Қарағанды облысы әкімінің әлеуметтік сала және ішкі саясат мәселелері жөніндегі орынбасары Абзал Нүкеновтің қатысуымен өтетін интернет-конференция
«Қарағанды облысы әкімінің әлеуметтік сала және ішкі саясат мәселелері жөніндегі орынбасары Абзал Нүкеновтің қатысуымен өтетін интернет-конференция» тақырыбында интернет-конференция өтетін болады. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенұлы Нүкенов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 7
- 23.12.2019, 15:00
- 23.12.2019, 18:00
Кожахметова Лаззат 23.12.2019, 17:09, Сұрақ нөмірі: 9005
Құрметті Абзал Нүкенұлы!
"Saryarqa Aqparat" ЖШС облыс әкімдігі атқарған жұмыстарды, ұйымдастырған шараларын насихаттайтын ақпараттық компания ма? Аталмыш компанияның мақсаты мен оған облыс әкімдігі тарапынан қойылған міндеттерді атасаңыз. Бұл компания биыл облыстық Ішкі саясат басқармасы өткізген тендерден қанша қаражат ұтып алды? Бұл компанияның қандай жобалары (сайт, әлеуметтік желі, газет, телевидение, т.б.) мемлекеттік тапсырыстарды орындайды? Оларда қанша қызметкер жұмыс жасайды? Қаншасы қазақ редакциясында (техникалық қызметкерлерді қосқанда, корректор, т.б.), қаншасы ресми тілдегі бөлімдегі жұмыс жасайды?
Жалпы облыс әкімдігінің ақпараттық-идеологиялық саясатына биыл қанша ақша бөлінді? Оның қаншасын мемлекеттік тілдегі БАҚ, қаншасы өзге тілді БАҚ ұтып алды?
Ләззат Қожахметова
Қарағанды облысы 23.December.2019, 19:07
Сәлеметсіз бе! Құрметті Ләззат, сұрағыңызға рахмет. «Сарыарқа ақпарат» мекемесінің басты міндеті - мемлекеттік саясаттың басым бағыттары бойынша халыққа жан-жақты ақпарат тарату. Серіктестіктің қызметкерлері жөнінде сол мекемеден егжей-тегжейлі білуіңізге болады. Бізге тапсырманың сапалы орындалуы маңызды. Ақпараттық жұмыс бойынша бөлінген қаражат конкурстық рәсімде ашық жария түрде өтеді. Сол себепті мәліметтерді мемлекеттік сатып алу порталы арқылы көруіңізге болады. Бұл салада біздің тапсырыспен жұмыс атақаратындардың ішінде аралас ақпарат құралдарының үлесі басым. Сонымен қатар, мемлекеттік тілде ақпарат алуға қызығушылықтың артуы бізді қуантады. Ақпарат саласындағы жұмыста, оның ішінде, қаражат бөлу барысында да бұл жайтты міндетті түрде ескереміз. Нақты ұсыныстарыңыз бойынша кездесіп пікір алмасуға әзірміз.