Мемлекеттік қызмет жүйесі және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру туралы

«Мемлекеттік қызмет жүйесі және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру туралы» тақырыбындағы интернет-коференциясын өткізу

  • Сұрақтар: 25
  • Жауаптар: 21
  • 26.12.2019, 11:00
  • 26.12.2019, 13:00

Калмакова Айман 26.12.2019, Сұрақ нөмірі: 9030

  • 0

Сәлеметсізбе! Менің сұрағым мемлекеттікқызметке орналасу тәртібіне байланысты. Қолданыстағы заңға сәйкес мемлекеттік қызметтен босатылған азаматтар отыз күн ішінде мемлекеттік қызметке қайта орналасу үшін конкурстарға қатыса алады. Осыған байланысты егерде мен жалпы конкурсқа қатысқан кезде қандай құжаттарды тапсыруым қажет?

Қостанай облысы 26.12.2019

Сәлеметсізбе, Калмакова Айман! Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңының 27 бабының 8 тармағына сәйкес теріс себептермен немесе олардың қызметін бағалау, сынақ мерзімінің не аттестаттау қорытындыларының нәтижелері бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, адам мемлекеттік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге жеке және мемлекеттік органдар болып табылмайтын заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаған жағдайда, тестілеуден өтпестен, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсқа және сайлауға қатысуға құқылы. Бұл жағдайларда осы адамға міндетті арнайы тексеруден өту және бұрынғы жұмыс орны бойынша кірістері мен өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлкі туралы декларация тапсырған жағдайда, оны тапсыру туралы талаптар қолданылмайды. Сонымен қатар, аталған баптың 9 тармағына сәйкес Конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтпейді. Конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер мен осы баптың 8-тармағының бірінші бөлігінде аталған адамдар уәкілетті орган айқындайтын жағдайларда жеке қасиеттерін бағалаудан өтеді. Алайда аталған тәртіп Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына өзгерістерді еңгізген жағдайда іске асырылуы жоспарлануда.