Мемлекеттік қызмет жүйесі және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру туралы
«Мемлекеттік қызмет жүйесі және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру туралы» тақырыбындағы интернет-коференциясын өткізу
- Сұрақтар: 25
- Жауаптар: 21
- 26.12.2019, 11:00
- 26.12.2019, 13:00
Успанова Дана 26.12.2019, Сұрақ нөмірі: 9031
Мен қазіргі уақытта жеке компанияда қызмет атқарамын, болашақта мемлекеттік қызметке кіргім келеді. Әкімдіктегі бос лауазымға келісім шарт негізінде жұмыс берушімен еңбек шартын жасасып, жұмысқа кіруіме бола ма?
Қостанай облысы 26.12.2019
Сәлеметсіз бе! Мен қазіргі уақытта жеке компанияда қызмет атқарамын, болашақта мемлекеттік қызметке кіргім келеді. Әкімдіктегі бос лауазымға келісім шарт негізінде жұмыс берушімен еңбек шартын жасасып, жұмысқа кіруіме бола ма? Ответ: Сіздің өтінішіңізге сәйкес келесіні хабарлаймыз. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 30-бабы 2-тармағына сәйкес мемлекеттік лауазымға қабылдау кезінде мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың талаптары сақталуы тиіс. Заңның 26-бабына сәйкес, мемлекеттік лауазымға орналасу үшін азамат тест пен жеке қасиеттерді бағалаудан өтіп, конкурс жариялаған мекемеде әңгімелесуге қатысады. Мемлекеттік лауазымға конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған үміткер қабылданады. Бұл ретте, мемлекеттік лауазымға еңбек шарты негізінде қабылдау арнайы тексеру кезіне ғана рұқсат беріледі.