Мемлекеттік қызмет жүйесі және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру туралы
«Мемлекеттік қызмет жүйесі және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру туралы» тақырыбындағы интернет-коференциясын өткізу
- Сұрақтар: 25
- Жауаптар: 21
- 26.12.2019, 11:00
- 26.12.2019, 13:00
Чимшихан Нуржанар 26.12.2019, Сұрақ нөмірі: 9034
Менім жұбайым 2017 жылы мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін лауазымынан төмендеуі түріндегі тәртіптік жауаптылыққа тартылған, енді жұбайым мемлекеттік қызметке қайта тұра алады ма?
Қостанай облысы 26.12.2019
Қайырлы күн. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 13-бабы 3 тармағы 6) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған азаматты қабылдауға болмайды. Бұл ретте мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін қызметтен шығарылған азамат мемлекеттік қызметке жіберілмейді.