Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қызметі және іске асырылып жатқан шаралары туралы
Интернет-конференция барысында азаматтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша сұрақтарын жолдап, Департаменттің жұмысын одан әрі жандандыру бойынша ұсыныстарымен бөлісе алады
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 24.01.2020, 09:00
- 24.01.2020, 18:30
Мактаева Алия 24.01.2020, 15:21, Сұрақ нөмірі: 9046
Мұрат Ахтанұлы, бұқаралық ақпарат құралдарынан бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемкорлым үшін бірінші басшылардың орнынан түсуі туралы норма заңды күшіне еңгені белгілі. Біздің өңерде мұндай жағдайлар болды ма?
Ақмола облысы 24.January.2020, 16:37
Сәлеметсіз бе, Алия Мактаева. Сіздің сұрағыңыз үшін рахмет! 2019 жылдың қарашасында Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет басшылардың қол астындағы қызметкерлері үшін жауапкершілігі заңнамалық деңгейде бекітілген. Бұдан былай, саяси мемлекеттік қызметкерлер – министрлер мен олардың орынбасарлары, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс әкімдері мен олардың орынбасарлары, аудандар әкімдері олардың тікелей бағынышты қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасан дағдайда міндетті түрде отставкаға шығуға сұрану керек. Айта кету керек, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға сәйкес, мемлекеттік қызметшіні осы лауазымға тағайындаған лауазымды тұлғаға орнынан кету туралы өтініш жіберіледі. Отставканы қабылдау немесе қабылдамау – бұл саяси қызметкерді қызметке тағайындаған адамның құзыреті. Тікелей бағынышты қызметкерлер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайда, саяси емес, бірақ А және Б корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілері болып табылатын барлық өзге басшыларға тәртіптік жауапкершілік қарастырылған. Заңның жаңа редакциясына сәйкес, бірінші басшы оның тікелей бағынышты қызметкеріне қатысты соттың айыптау үкімі күшіне енгеннен соң күнтізбелік 10 күн ішінде немесе ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін отставкаға кетуге міндетті. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, заң күшіне енгеннен бастап Департаментпен сотта қаралып жатқан қылмыстық істер сарапталуда. Сот шешімін негізінде тиісті мемлекеттік органдарға нақты ұсыныс енгізілетін болады.