«Ақмола облысында Жастар жылын өткізудің қорытындысы туралы»

«Ақмола облысында Жастар жылын өткізудің қорытындысы туралы» тақырыбында интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына Ақмола облысының әкімі Маржықпаев Ермек Боранбайұлы жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 2
  • Жауаптар: 2
  • 28.01.2020, 14:30
  • 28.01.2020, 18:00

Жакулина Диана 28.01.2020, 15:28, Сұрақ нөмірі: 9048

  • 0

Студенттік жатақханалар салу бойынша қандай жұмыс жүргізілуде?

Ақмола облысы 28.January.2020, 17:50

Республика бойынша студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қолға алынған. Ақмола облысы бойынша 2 850 орынға 6 білім беру ұйымдарына арналған студенттік жатақханалар салу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде (Оның ішінде Ш. Уәлиханов атындағы КМУ 1000 орын, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті 500 орын, Көкшетау жоғары техникалық колледж 600 орын, Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары педагогикалық колледжі 300 орын, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі 300 орын, Біржан сал атындағы музыкалық колледж 150 орын). А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті жатақхана 9 қабаттан тұрады құрылысы 80% аяқталды., Ш. Уәлиханов атындағы КМУ-де 500 орындық жатақхананың ЖСҚ бекітілді, сондай-ақ 500 орындық жатақхананың ЖСҚ түзетілуде жыл соңына дейін инвесторларды күтуде (2020 жылдан бастап Ш.Уалиханов ат.КМУ АҚ немесе ЖШС меншік нысанына өтсе өз қаражаты есебінен құрылысты бастайды). Ақмола облысының құрылыс басқармасы колледждерге арналған бірыңғай ЖСҚ әзірлеп, мемлекеттік сараптама өткізуге конкурс жариялады.