Мемлекеттік қызметке түсу және оны өту, мемлекеттік қызметтердің сапасы

Мемлекеттік қызметке түсу және оны өту, мемлекеттік қызметтердің сапасы

  • Сұрақтар: 19
  • Жауаптар: 19
  • 14.02.2020, 15:00
  • 14.02.2020, 17:00

Есенов Рзагелды 14.02.2020, 15:07, Сұрақ нөмірі: 9059

  • 0

1. Сәлеметсізбе! Мемлекеттік тілді білуге арналған тестілеуден өту үшін қанша балл жинау керек?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 14.February.2020, 15:19

Салеметсізбе, Рзагелды! ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидаларының» 16 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тестілеуден өту үшін мән белгіленбейді