Мемлекеттік қызметке түсу және оны өту, мемлекеттік қызметтердің сапасы

Мемлекеттік қызметке түсу және оны өту, мемлекеттік қызметтердің сапасы

  • Сұрақтар: 19
  • Жауаптар: 19
  • 14.02.2020, 15:00
  • 14.02.2020, 17:00

Қалдыбаев Сакен 14.02.2020, 15:28, Сұрақ нөмірі: 9063

  • 0

Мен мемлекеттік қызметшімін, жалпы конкурсқа қатысу үшін тестілеуді тапсыру қажет пе ?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 14.February.2020, 15:54

Сәлеметсізбе, Сакен! «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабы 9-тармақпен толықтырылды: Конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтпейді.