Мемлекеттік қызметке түсу және оны өту, мемлекеттік қызметтердің сапасы
Мемлекеттік қызметке түсу және оны өту, мемлекеттік қызметтердің сапасы
- Сұрақтар: 19
- Жауаптар: 19
- 14.02.2020, 15:00
- 14.02.2020, 17:00
Акимжанова Айгерим 14.02.2020, 15:35, Сұрақ нөмірі: 9064
Мен тестілеуден өткен кезде С-О-6 санаты бойынша тапсырдым, бірақ конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда Е-4 және С-R-5 санаттары көрсетілген, осы конкурстарға қатысу үшін қайтадан тестілеуден өту керек пе?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 14.February.2020, 15:56
Сәлеметсізбе, Айгерим! ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидаларының» 4-қосымшасына сәйкес, С-О-6 санаты тестілеудің екінші бағдарламасына, ал С-R-5 және Е-4 тестілеудің үшінші бағдарламасына жатқызылған. Қағиданың 17-тармағына сәйкес, екінші тестілеу бағдарламасы бойынша берілген сертификат үшінші тестілеу бағдарламасына жататын «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің лауазымдар санаттарына жарамды. Осы себепті, С-R-5 және Е-4 санаттары бойынша заңнаманы білуге арналған тестілеуді тапсырудың қажеттілігі жоқ.