Мемлекеттік қызметке түсу және оны өту, мемлекеттік қызметтердің сапасы
Мемлекеттік қызметке түсу және оны өту, мемлекеттік қызметтердің сапасы
- Сұрақтар: 19
- Жауаптар: 19
- 14.02.2020, 15:00
- 14.02.2020, 17:00
Мусакулов Алмас 14.02.2020, 16:11, Сұрақ нөмірі: 9072
Қайырлы күн! Мемлекеттік қызметке кіру кезінде шектеулер қарастырылғанба?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 14.February.2020, 16:21
Сәлеметсізбе, Алмас! Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңының 18 бабына сәйкес, мемлекеттік қызметке қабылдану кезінде азаматтар өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін және соған негізделген беделін жеке басының, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануға алып келуі мүмкін әрекеттерді болғызбау мақсатында өзіне осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектеулерді қабылдайды. Осы шектеулерді персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) мемлекеттік қызметке қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жазбаша нысанда тіркейді.