Мемлекеттік қызметке түсу және оны өту, мемлекеттік қызметтердің сапасы
Мемлекеттік қызметке түсу және оны өту, мемлекеттік қызметтердің сапасы
- Сұрақтар: 19
- Жауаптар: 19
- 14.02.2020, 15:00
- 14.02.2020, 17:00
Мадигалиева Қымбат 14.02.2020, 16:18, Сұрақ нөмірі: 9074
Сәлеметсізбе! Мен бұрын мемлекеттік қызметте болған едім, егер қайта кірген жағдайда маған сынақ мерзімі белгеленеді ме?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 14.February.2020, 16:31
Сәлеметсізбе, Қымбат! Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңының 20 бабының 1 тармағына сәйкес, қызметін бағалаудың, сынақ мерзімінің, аттестаттау қорытындысының нәтижелері бойынша не теріс себептер бойынша бұрын мемлекеттік лауазымнан шығарылған жағдайда, мемлекеттік әкімшілік қызметке қайтадан кіретін азаматтарға сынақ мерзімі міндетті түрде белгіленеді. Мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет кірген азаматтар үшін олардың атқаратын мемлекеттік лауазымдарға сәйкестігін тексеру мақсатында сынақ мерзімі белгіленеді. Сынақ мерзімінен өту туралы шарттар мемлекеттік органның жұмысқа қабылдау туралы актісінде көзделеді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметке қайта орналасқан кезде сынақ мерзімі белгіленбейді.