Мемлекеттік қызметке түсу және оны өту, мемлекеттік қызметтердің сапасы

Мемлекеттік қызметке түсу және оны өту, мемлекеттік қызметтердің сапасы

  • Сұрақтар: 19
  • Жауаптар: 19
  • 14.02.2020, 15:00
  • 14.02.2020, 17:00

Белходжаева Мадина 14.02.2020, 16:28, Сұрақ нөмірі: 9076

  • 0

Сәлеметсіз бе! Жалпы конкурсқа қатысқан кезде берілетін құжаттар ішінде 086/е денсаулық туралы медициналық, психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдарынан берілетін анықтамалар қай кезге дейін жарамды ?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 14.February.2020, 16:47

Сәлеметсізбе, Мадина! ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының» 76-тармағының 5), 9), 10)-шы тармақшаларына сәйкес, денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы, «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» және «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарттарына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген анықтамалар.