«Қызылорда облысының елді мекендерін газдандыру және электр жүйесімен қамтамасыз ету мәселелері»

«Қызылорда облысының елді мекендерін газдандыру және электр жүйесімен қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Д.Ысқақовтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 6
  • Жауаптар: 6
  • 25.02.2020, 10:00
  • 25.02.2020, 17:00

Бақтығалиқызы Динара 25.02.2020, 13:02, Сұрақ нөмірі: 9084

  • 0

Құрметті Қуанышбек Досмайылұлы! Менің сұрағым Жалағаш кентің халқы газдың рахатын қашан көреді?

Қызылорда облысы 25.February.2020, 13:38

Сәлеметсіз бе, Динара! Сұрағыңызға рақмет! 2019 жылдың қыркүйек айында Бейнеу–Шымкент магистралды газ құбырынан Тереңөзек кентіне дейін 43 шақырым газ құбырының құрылысы және Жалағаш пен Тереңөзек кентіне арналған АГРС (автоматты газ тарату стансасы) құрылысы аяқталды. 2019 жылы Жалағаш кентіне дейінгі магистраль құбырды салу мен ішкі газдандыру жұмыстары басталды. Өткен жылы 1 млрд теңге қаржы бөлініп, барлығы 20 шақырым газ құбырлары салынды. Бүгінгі күнге жоба бойынша құрылыс жұмыстарының 25 пайызы орындалды. Биыл құрылысын толық аяқтауға республикалық және облыстық бюджеттерден 1,3 млрд теңге қаржы бөлінді. Нысан құрылысын 2020 жылдың 4 тоқсанына аяқтау жоспарлануда.