Тегін заң көмегін алуға қатысты азаматтардың конституциялық құқықтары
ҚР Конституциясының 13-бабына сәйкес әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегі тегін көрсетіледі. Өз кезегінде, адвокаттар «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» ҚР Заңында белгіленген тәртіпте мемлекет кепілдік беретін заң көмегін көрсетеді. Сонымен бірге, адвокаттар әлеуметтік жауапкершілікті іске асыру нысандарының бірі болып табылатын және ерікті түрде жүзеге асырылатын кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсете алады.
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 7
- 05.03.2020, 10:00
- 05.03.2020, 18:00
Балмағанбет Диас 05.03.2020, 16:59, Сұрақ нөмірі: 9128
Кешенді әлеуметтік заң көмегін алудың тәртібі қандай?
ҚР Әдiлет министрлігі 05.March.2020, 17:52
Қайырлы күн, Диас! Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету тәртібін заң консультанттарының палаталары, Республикалық адвокаттар алқасы белгілейді. Аталған заң көмегін адвокаттардың көрсету тәртібімен келесі сілтеме бойынша таныса аласыз: http://advokatura.kz/7510-2/. Өз кезегінде, заң консультанттарымен кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету тәртібімен тиісті заң консультанттары палатасының интернет-ресурсынан таныса аласыз.