Тегін заң көмегін алуға қатысты азаматтардың конституциялық құқықтары
ҚР Конституциясының 13-бабына сәйкес әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегі тегін көрсетіледі. Өз кезегінде, адвокаттар «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» ҚР Заңында белгіленген тәртіпте мемлекет кепілдік беретін заң көмегін көрсетеді. Сонымен бірге, адвокаттар әлеуметтік жауапкершілікті іске асыру нысандарының бірі болып табылатын және ерікті түрде жүзеге асырылатын кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсете алады.
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 7
- 05.03.2020, 10:00
- 05.03.2020, 18:00
Серикжанова Айгерим 05.03.2020, 17:06, Сұрақ нөмірі: 9129
Тегін заң көмегі көрсетілгенде оның сапасы бақыланады ма? Шарт жасасу міндетті ме?
ҚР Әдiлет министрлігі 05.March.2020, 17:35
Қайырлы күн, Айгерим! Көрсетілетін мемлекет кепілдік берген заң көмегінің сапасын бақылауды әділет органдары жүзеге асырады. Кешенді әлеуметтік заң көмегі өтеусіз заң көмегі туралы шарт негізінде көрсетіледі. Өз кезегінде, жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау және білдіру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету соттардың және қылмыстық қудалау органдарының құқықтық актілері негізінде жүзеге асырылады.