«Қазақстан Республикасының жер заңнамасына енгізілген өзгерістер»
«Қазақстан Республикасының жер заңнамасына енгізілген өзгерістер» тақырында интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына Алматы облысы жер қатынастары басқармасының қызметкерлері жауап береді.
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 13.03.2020, 10:00
- 13.03.2020, 16:00
Тұралы Гүлжахан 13.03.2020, 10:29, Сұрақ нөмірі: 9137
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке алуға бола ма?
Алматы облысы 13.March.2020, 11:27
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 248 Жарлығымен жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiне жеке меншік құқығын беруге 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін мораторий жарияланған. Мораторий аяқталмай, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер жеке меншікке берілмейді.