Азаматтардың Агенттікке жолданатын шағымдары мен өтініштерін қараудың кейбір аспектілері
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) интернет-конференциясы
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 17.03.2020, 10:00
- 17.03.2020, 13:00
Ибрагимов Мухаммад 17.03.2020, 10:21, Сұрақ нөмірі: 9142
Қайырлы таң, менде осындай сұрақ. Қазіргі таңда, Агенттіктің арқасында көптеген қылмыстың беті ашылып, мемлекеттің,халықтың қаражаты кері қайтарылуда. Пара алған адамдар қатарында мемлекеттік қызметшілерді көп көрем. Ал пара бергендердің жауапкершілігі ше? және егер параны қарапайым мұғалім алса, ол қандай жауапкершілікке тартылады? қылмыстық па, әкімшілік па?
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 17.March.2020, 13:01
Құрметті Ибрагимов Мухаммад! Қазіргі таңда қолданыстағы заңнаманың негізінде пара берушілерге Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 367 бабымен қылмыстық жауапкершілік көзделген. ҚР қылмыстық кодексінің 367 бабына сәйкес: «Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға не оған теңестірілген адамға немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға не лауазымды адамға, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамына жеке өзіне немесе делдал арқылы пара беру» болып табылады. Қылмыстың санатына байланысты пара берушінің «мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның қырық еселенгеннен елу еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады». Пара берген адам, егер оған қатысты пара алушы адам тарапынан параны қорқытып алу орын алған болса немесе егер осы адам пара бергені туралы құқық қорғау органына немесе арнаулы мемлекеттік органға өз еркімен хабарласа, қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Мұғалімдердің мемлекеттік қызметшілер қатарына жатпауына байланысты оларға ҚР қылмыстық кодексінің 247 бабымен қылмыстық жауапкершілік көзделген (қылмыстың санатына байланысты 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген). Сонымен қатар егер сыйлықтың құны бес айлық есептiк көрсеткiштен аспаса, ол өзінің міндетіне кіретін жұмыстарды бұрын орындағаны немесе қызметтер көрсеткені үшiн алдын ала уағдаластық болмаған кезде сыйлық ретінде материалдық сыйақы, жеңілдік немесе мүлiктiк сипаттағы қызметті алуы маңызы аз болуына байланысты қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайды және ол тәртiптiк ретпен қудаланады