Азаматтардың Агенттікке жолданатын шағымдары мен өтініштерін қараудың кейбір аспектілері

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) интернет-конференциясы

  • Сұрақтар: 6
  • Жауаптар: 6
  • 17.03.2020, 10:00
  • 17.03.2020, 13:00

Калдыбаева Айдана 17.03.2020, 11:31, Сұрақ нөмірі: 9145

  • 0

Сәлеметсіздер ме! Егер азамат сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы хабарлаған болса, алайда арызда келтірілген фактілер дәлелденбесе, арыз беруші азамат қандай жауапкершілікке тартылады?

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 17.March.2020, 16:21

Құрметті Айдана! Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдік туралы хабарлама 1424 call-center-ге түскен кезде оператор абонентті Агенттіктің кезекші офицерімен дереу қосады, ол хабарламаны тіркейді және жедел ден қою шараларын қабылдайды. Осылайша, әрбір хабарлама уақтылы тексеріледі. Жеткілікті негіздер болған жағдайда сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталады. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарға, егер кінәлі адамға қатысты әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы немесе айыптау үкімі заңды күшіне енген болса, біржолғы 10,6 млн тенгеге дейін ақшалай сыйақы төленеді. Егерде хабарлаған азамат нақты кісіге көрінеу жалған сөз жеткізген немесе жала жапқан болса, ол ҚР қылмыстық кодексінің 419 (қылмыстық теріс қылық жасалғаны туралы көрiнеу жалған сөз жеткiзу) немесе 130 (жала жабу, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер тарату) баптарымен көзделген жауапкершілікке тартылады.