Мемлекеттік қызмет жүйесі, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, қызмет этикасы нормаларын сақтау туралы

«Мемлекеттік қызмет жүйесі, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, қызмет этикасы нормаларын сақтау туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің басшысы С.Ө. Нұрғисаев жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 11
  • Жауаптар: 11
  • 27.03.2020, 15:00
  • 31.03.2020, 17:00

Әбдіманап Гүлжайна 27.03.2020, 16:03, Сұрақ нөмірі: 9152

  • 0

Сәлеметсіздерме! Мен мемлекеттік қызметке түсу үшін 2 бағдарлама бойынша тест тапсырдым. Заңдардан өттім, бірақ жеке қасиеттерді бағалау бойынша өте алмадым. Енді мен бір ай өткен соң тестті қайта тапсырғанда Заңдар бойынша тестілеуді де тапсырамын ба?

Алматы облысы 31.March.2020, 10:40

Сәлеметсізбе! Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларының» (бұдан әрі - Қағидалар) 18-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелері бойынша берілген сертификаттар тестілеу өткізілген күннен бастап бір жылдың ішінде жарамды. Қағидалардың 24-тармағына сәйкес, жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуді өту мәні растық деңгейі бойынша кем дегенде 50% құрайды. Қағидалардың 25-1-тармағына байланысты жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуде 50%-дық мәннен төмен нәтиже алған «Б» корпусының лауазымына үміткерлердің қайта тестілеуіне алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап бір айдан кем емес мерзімнен кейін жол беріледі. Осы нормалардың негізінде, Сіз жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуден қайта өту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуден өтудің қажеттілігі жоқ. Яғни, тестілеуден өтуге өтініш білдіру кезінде тек жеке қасиеттерді бағалауға ғана жазылудың мүмкіндігі қарастырылыған.