Мемлекеттік қызмет жүйесі, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, қызмет этикасы нормаларын сақтау туралы

«Мемлекеттік қызмет жүйесі, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, қызмет этикасы нормаларын сақтау туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің басшысы С.Ө. Нұрғисаев жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 11
  • Жауаптар: 11
  • 27.03.2020, 15:00
  • 31.03.2020, 17:00

Ормаганбетова Куралай 30.03.2020, 08:47, Сұрақ нөмірі: 9154

  • 0

Менің Талдықорған қаласында нысаналы мақсаты тұрғын үйге қызмет көрсетуге арналған жерім бар еді. Қазіргі уақытта мемлекет тарапынан кәсіпкерлікке қолдау көрсетіліп жатыр осы себепті, мен аталған жер учаскемнің нысаналы мақсатын комерциялық мақсатқа өзгертіп, кәсіпкерлік қызметпен айналысуды шештім. Осыған байланысты, жердің нысаналы мақсатынөзгерту үшін қандай мемлекеттік қызметті пайдалануыма болады?

Алматы облысы 31.March.2020, 10:49

Сәлеметсізбе! «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. бұйрығына сәйкес, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру мемлекеттік қызмет болып табылады. Мемлекеттік қызметті алу үшін Талдықорған қаласы әкіміне,"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына және "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы өтініш беріледі және мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.