Елдегі төтенше жағдайда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары туралы
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) интернет-конференциясы
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 31.03.2020, 10:00
- 31.03.2020, 13:00
Әлеуханова Ақерке 31.03.2020, 10:45, Сұрақ нөмірі: 9158
Қайырлы күн. БАҚ пен интернет ресурстарда мемлекеттік органдардың қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін талдау жұмыстарына азаматтардың қатысуға болатынын естідім. Талдау жұмыстарына кез келген адамдар қатыса бере алады ма? Және қазіргі жағдайға байланысты, жемқорлық тәуекелдеріне онлайн талдау жүргізу мүмкін бе?
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 06.April.2020, 13:08
Қайырлы күн құрметті Әлеуханова Ақерке! Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, Агенттік сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілерінің мамандарын және/немесе сарапшыларын тартуға құқылы (8-баптың 2-тармағында бекітілген). Сонымен қатар, Агенттік өз қызметінің ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету бағытында қоғам өкілдерімен жүйелі негізде жұмыс жасай отырып, жұртшылықты сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шараларға белседі қатысуға шақырады. Ал, елімізде төтенше жағдайды енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шараларды сақтау және орындау мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жұмыстары қашықтықтан жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларының толық нұсқасымен http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1700000806 сілтемесі арқылы таныса аласыз. Бұдан бөлек, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібін айқындайтын Қағидаларымен http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600014441 сілтемесі арқылы танысуыңызға болады.