Мемлекеттік қызмет жүйесі, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, қызмет этикасы нормаларын сақтау туралы
«Мемлекеттік қызмет жүйесі, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, қызмет этикасы нормаларын сақтау туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің басшысы С.Ө. Нұрғисаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 11
- Жауаптар: 11
- 27.03.2020, 15:00
- 31.03.2020, 17:00
Шокпаров Мырзахан 31.03.2020, 10:58, Сұрақ нөмірі: 9159
1997 жылы Талдықорған қаласы, Өтенай ауылында орналасқан жер учаскесін сатып алдым. Қазіргі таңда жерді басқа біреуге сатуға тура келіп отыр. Алайда, жердің актісі ескі заңға сәйкес болмай шықты. Осы себепті, жердің актісін ауыстуру қажеттілігі туындауда.
Осыған байланысты, жер учаскесінің актісін ауыстыру үшін қаедай мемлекеттік акті алуға болады?
Алматы облысы 31.03.2020
Сәлеметсізбе! «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. бұйрығына сәйкес, жер учаскесіне актілерді дайындау және беру мемлекеттік қызмет болып табылады. Мемлекеттік қызметті Азаматтарға арналған үкімет Мемлекеттік корпорация ақылы түрде көрсетеді. Мемлекеттік қызметті алу үшін Мемлекеттік корпорация, "электрондық үкіметтің" веб-порталына өтініш беріледі.