Елдегі төтенше жағдайда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары туралы

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) интернет-конференциясы

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 31.03.2020, 10:00
  • 31.03.2020, 13:00

Тұраров Рашид 31.03.2020, 11:17, Сұрақ нөмірі: 9161

  • 0

Қайырлы күн, Бүгінгі күнгі төтенше жағдай кезеңінде кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша қандай жұмыстар жасалуда?

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 06.April.2020, 13:09

Құрметті Рашид! «Еріктілер жылы» аясында Агенттіктің бастамасымен «Adal kómek» жобасы іске асырылуда. Оның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өмірлік маңызды мәселелерді шешу үшін халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына құқықтық көмек көрсету. Еріктілер ретінде Агенттіктің қызметкерлері, тәжірибелі заңгерлер, адвокаттар, нотариустар, сондай-ақ студенттер, магистранттар, докторанттар, ЖОО заң факультеттерінің оқытушылары тұрғындарға кеңес береді. Құқықтық кеңестер Агенттіктің «ANTIKOR ORTALYǴY» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызмет көрсету орталықтарының ғимараттарында апта сайын сенбі күні сағат 10-00-ден 13-00-ге дейін республиканың барлық аймақтарында өтуде. Жалпы, осы күнге дейін республика бойынша 250 азаматқа құқықтық көмек көрсетілді. Бұл ретте, елде төтенше жағдайлардың енгізілуіне байланысты, құқықтық кеңестер (консультациялар) facebook әлеуметтік желісінде онлайн режимде өтуде. Сонымен бірге, Агенттікпен отандық кәсіпкерлерді қолдау, қолайлы инвест климат жасау мақсатында «PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS» (Бизнес пен инвестицияны қолдау) жобасы іске асырылуда. Бұл жоба шеңберінде бизнес субъектісі Агенттікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу бойынша келісімге қол қояды. Жоба аясында кәсіпкерлерге/инвесторларға құқықтық кеңестер көрсетіліп, мемлекетттік қызметтердің сапалы көрсетілуі, қолданыстағы құқықтық актілерді жетілдіру қамтамасыз етіледі. Ал кәсіпкерлерге/инвесторларға қойылатын жалғыз талап – өз қызметін заң аясында іске арырып, ешқандай тарапқа пара бермеу. Бүгінгі күні оның аясында 421 отандық және шетелдік кәсіпкерлер мен инвесторлар сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге алынған.