Елдегі төтенше жағдайда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары туралы
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) интернет-конференциясы
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 31.03.2020, 10:00
- 31.03.2020, 13:00
Усенова Айжан 31.03.2020, 11:58, Сұрақ нөмірі: 9162
Төтенше жағдайға байланысты көптеп кездесу іс-шаралары тоқтатылған болатын. Осыған орай, барлық мемлекетік органдар онлайн режимде жұмыс жасауда, бұл бағыттағы жұмыстарды Агенттік қалай қолға алып жатыр?
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 31.March.2020, 18:51
Құрметті Айжан! Төтенше жағдайдың күшейтілуіне және Нұр-Сұлтан қаласында карантин енгізілуіне байланысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің бірқатар қызметкерлерін (жұмыскерлерін) қашықтықтан жұмыс істеуге ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Агенттіктің қашықтықтан жұмыс істеуге ауыстырылатын қызметкерлері (жұмыскерлері) үшін Агенттіктің регламентіне сәйкес жұмыс уақытының тәртібі белгіленеді және функционалдық міндеттемелерді орындау міндетімен қатар оларға еңбек ақы төлеу толық көлемде сақталады. Агенттіктің қашықтықтан жұмыс істеуге ауыстырылатын қызметкерлеріне (жұмыскерлеріне) қашықтықтан жұмыс істеу тәртібіне ауыстыру туралы қолхатпен таныса отырып, оларға сеніп тапсырылған Агенттіктің мүлкін сақтауға жауапкершілік және қашықтықтан жұмыс істеу процесінде пайдаланылатын (өңделетін, жіберілетін) материалдардың (мәліметтердің, деректердің) сақталуын, ақпараттық қауіпсіздігін және құпиялығын сақтау бойынша, сонымен бірге Нұр-Сұлтан қаласының аумағына карантин кезеңінде енгізілген шектеулерді сақтау және қызметтік тәртіптің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің нормаларын және қағидаларын орындау міндеттемелері жүктеледі.