Мемлекеттік қызмет жүйесі, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, қызмет этикасы нормаларын сақтау туралы
«Мемлекеттік қызмет жүйесі, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, қызмет этикасы нормаларын сақтау туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің басшысы С.Ө. Нұрғисаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 11
- Жауаптар: 11
- 27.03.2020, 15:00
- 31.03.2020, 17:00
Оралбекова Мақпал 31.03.2020, Сұрақ нөмірі: 9163
Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және нығайту шаралары ретінде мемлекеттік қызметтің түрлеріне («әкімшілік / құқық қорғау» лаузымдарға бос орындарға) қол жетімді ақпараттандыруға қатысты:
«Құқық қорғау қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы №380-IV Заңының 7-бабына сәйкес, Құқық қорғау органдарының орталық аппараттарында, ведомстволарында, аумақтық бөлімшелерінде конкурс өткізу кезінде хабарландырулар құқық қорғау органдарының, сондай-ақ мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурстарында жарияланады» - деп көрсетілген.
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның сайтында «құқық қорғау лауазымдарға бос орындар» бөліміне кіру мүмкін емес және «әкімшілік лаузымдарға бос орындарға» деген бөлімдегідей жетілдірілген түрде жағдай жасалмаған. Яғни, конкурс түрі, мемлекеттік орган, аймақ, санат,т.б. қосымша талаптарды жазу арқылы қажетті бос лауазымды жұмысқа конкурс хабарламасын табу қарастырылмаған. Бұл ретте орталық/өңірлік деңгейде бос лауазымдарға бөліп қарастыру және мұрағатта сақталуын қамтамасыз ету қажет, сонымен қатар конкурс қорытындысы сайттарға уақытылы салуын және салынған күні редакциялауға түзету еңгізу мүмкін емес болуын қамтамасыз етілуі қажет. Осы ретте, азаматтарға барлық құқық қорғау органдарының қызметіне кіру, үміткерлерді іріктеу, қызметкерлерге лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптары, өзге де қосымша бұрықтар мен ережелері Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның сайтында бір бөлімде ақпарат ретінде жариялануы тиісті.
Бұл, сайтты жетілдірмеу немесе сайттағы белгісіз қателіктер,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен құқық қоргау органдары арасында өзара іс қимыл жоқ екендігінін көрсеткіші ме? Әлде уәкілетті органның Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын сақтауын, азаматтардың Құқық қорғау органдарына қызметке кіруіне хабарламаларды бос орындарды оқып білуге жағдай жасамауы немесе құқық қорғау органдарының кадр қызметіне деген қадағалау мен тиісті жұмыстардың жүргізілмеуі ме? Сайтқа кіріп тексеріп өзіңіз де көз жеткізсеңіз болады және бұл бүгін немесе кешеден бері істен шығып тұр деуге келмейді. Жеке назарыңызға алуды сұраймын және тиісті жұмыстар жүргілгені толық іске асырғаны жөнінде ақпарат беруіңізді сұраймын.
Алматы облысы 31.March.2020, 16:52
Құрметті Оралбекова Мақпал! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Алматы облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) Сіздің «Ашық үкімет» е-гов порталы, мемлекеттік органдардың және уәкілетті органдардың интернет сайттарының толық пысықталмағаны жайлы интернет-конференциясына жазылған өтінішіңізге төмендегіні хабарлайды. Расында да «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында азаматтарға мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу мүмкіндіктері жасалуда. «Ақпараттандыру туралы» Заңның 9-бабы 14) тармақшасына және 10-бабы 14) тармақшасына сәйкес мемлекеттік органдар мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында (бұдан әрі – МОИРБП) интернет-ресурстарды орналастырады, сондай-ақ олардың анықтығын және жаңартылып отырылуын қамтамасыз етеді. Осыған байланысты Агенттіктің интернет-ресурсы МОИРБП-ға ауыстырылды, ол https://gov.egov.kz/ мекенжайы бойынша орналасқан. Одан басқа, Президент Әкімшілігі Басшысының тапсырмасына сәйкес Агенттік «Бос лауазымдар» жаңа бөлімінің макетін әзірледі. Жоғарыда көрсетілген бөлімде мемлекеттік қызметке үміткерлерге қолайлы форматта өзіне лайықты бос лауазым таңдауға мүмкіндік беретін іздеу жүйесі қарастырылған. Осыған байланысты, а.ж. 27 ақпаннан бастап мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарына орналасуға арналған конкурс өткізу туралы хабарландырулар мемлекеттік органдар МОИРБП-ға дербес енгізеді. Мемлекеттік қызметке орналасу үшін, конкурсқа құжаттар тапсыруды электрондық түрде жүзеге асыру мәселесіне тоқталатын болсақ: Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының хабарландыру жарияланғанан күнен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат өтінішін, конкурсқа қатысуға қатысты құжаттарды конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсыра алады. Сонымен қатар, Агенттіктің ресми сайтындағы «Әкімшілік лауазымдарға бос орындар» бөлігінде конкурстың түрі, мемлекеттік орган, аймақ, санаттарын, мамандығын, жұмыс тәжірибесін, жалақы деңгейін таңдау арқылы да өзіңізге керекті бос лауазымды қарастыруға болады. Ол үшін https://www.gov.kz/ сайтына кіріп, Агенттікті таңдап, «Әкімшілік лауазымдарға бос орындар» бөлігіне кірсеңіз интерфейстің сол жағынан жоғарыда аталған ақпараттарды көре аласыз. Сондай-ақ, бос лауазымдарды орталық және өңірлік деңгейге бөліп қарастыруға да болады. Анықтама үшін: https://www.gov.kz/ сайттын әзірлеуші Агенттік болғандықтан аталған сайттың «Құқық қорғау лауазымдарға бос орындар» бөлімі бойынша және техникалық сұрақтар мен ұсыныстарыңызды gov@nitec.kz сілтемесі арқылы жолдауға немесе онлайн қабылдау арқылы сұрақтарыңызды талқылап, мәселелерді шешу үшін +7 (7172) 75-34-27, 8 (7282) 24-10-50 нөміріне хабараласа аласыз.